Із-түзсіз жоғалып кеткен «Ғаламшар аруының» қатысушысы табылды (фото)

Источник: nur.kz

Сьерра-Леоне атынан "Ғаламшар аруына" қатысушы Эстер Бангура Таиландқа келіп жетті. Бұл туралы instagram-дағы "Ғаламшар аруы Сьерра-Леоне" парақшасында хабарланған деп жазады NUR.KZ.

Алайда Бангура бұл сайысқа қатыспайды. Таиландқа ол халықаралық дәрежедегі байқауды қолдау үшін келген.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлемдік БАҚ "Ғаламшар аруында" Сьерра-Леоненің намысын қорғайтын бойжеткен Эстер Бангура Таиландқа келе жатқан жолда жоғалып кеткенін жарыса жазған еді.

Ол Азиядағы мемлекетке өзге қыздар сияқты ұшақпен емес, кемемен баруды жөн санаған.